Димаш Құдайберген Кремльде өткен алғашқы ән кешінен алған әсерімен бөлісті. Ол өзін поп-музыка патшасы Майкл Джексондей сезінгенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында мәлімдеді.
Сондай-ақ, ата-анасы мен бауырларынан бөлек, ресейлік композитор Игорь Крутойға ризашылығын жеткізді.
"Мен ешқандай да періште емеспін, адаммын. Менің де қате жіберетін, артық сөйлеп қоятын кездерім болады. Барынша дұрыс тәрбие алған азамат ретінде өзімізді бағып жүруге тырысамыз. Барлығы сияқты қарапайым адаммын", - дейді Димаш.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz