«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Өзім ғана жауап беретінімді түсіндім": Ерке Есмахан өмірі жайлы айтып берді

"Өзім ғана жауап беретінімді түсіндім": Ерке Есмахан өмірі жайлы айтып берді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларға жан сырын ақтарды.

Өнер иесі өмірден не түйгенін айтып, ой-толғауын бөлісті.

Ерке Есмахан жанкүйерлерін қызықтырған сауалдарға Instagram парақшасында жауап берген. Оқырмандардың бірі әншіден өмір жолында не түйгенін сұрады.

"Өмір тек менікі екенін, қоршаған ортаның кестесімен емес, өз қалауыммен өмір сүру керектігімді, жанымды бақытқа, тыныштыққа, қанағатқа бөлей алатын тек өзім екенін түсіндім. Алланың алдында өзім үшін өзім ғана жауап беретінімді түсіндім. Әлі де түсінерім көп-ау", - деді эстрада жұлдызы.

Оған қоса әртіс осыдан бір жыл бұрынғы Еркені қазіргімен салыстыруға келмейтінін жеткізді.

"Бір жыл деген әңгіме жоқ. Бүгінгі Ерке кешегіге ұқсамайды. Күн сайын өзгеріс менде. Қазір рухани жаңғырудамын", - деді ол.

Автор
Данияр