"Өзі келе алмады": Айнұр Тұрсынбаева жолдасының туған күнінде берген сыйлығын көрсетті
05.05.2025
10:13
0
195

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күнінде жолдасынан ерекше сыйлық алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі туған күнінде Ыстамбұлдан Қазақстанға келген еді.
“Айнұр ханымға жолдасы келе алмаса да Ыстамбұлдан беріп жіберді. 1001 раушан гүлін ортаға әкелейік”, – деді той жүргізушісі.
Одан кейін айтыскер ақын "Әйел жылап жүрген үйде, еркекке де бақыт жоқ...", – деп жазба қалдырды.
Желі қолданушыларының сөзінше, айтыскер ақын туған күніне келген қонақтардың бәріне гүлді таратып берген көрінеді.
“Бар құрметке лайықсың”, “Осы көріністің куәсі болдық”, “Керемет сыйлық екен”, “Туған күнге жиналғандардың бәріне таратып берді”, “Өзім 5 тал гүл алып үлгердім”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаеваның бауырлары туған күніне көлік сыйлағанын жазған едік.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ