«Рокировка» - Тоқаев бұрынғы министр Ермек Көшербаевты Еуропаға жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Биыл 9 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 16,3%-ға өсіп, 20 трлн теңгеден асты

Биыл 9 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 16,3%-ға өсіп, 20 трлн теңгеден асты
Фото: primeminister.kz

2026 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірісі 20 трлн теңгеден асып, 16,3%-ға өсті. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру қамтамасыз етілді, өңірлерге және экономиканың нақты секторына қолдау көрсетілді. Бюджеттік түсімдердің өсуімен қатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және мемлекеттік шығыстарды бақылау үшін цифрлық құралдарды енгізу жалғасуда.

«Трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 20,2 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 16,3%-ға немесе 2,8 трлн теңгеге өсті. Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 3 трлн теңгеге өсті, өсу қарқыны – 130,3%», - деді Мәди Такиев.

Сонымен бір мезгілде бизнеске ҚҚС-ты қайтару шарасы да жүзеге асырылды: есепті кезеңде 2025 жылдың тоғыз айындағы 988 млрд теңгемен салыстырғанда 811,5 млрд теңге ҚҚС қайтарылды. Кедендік төлемдер бір жыл бұрынғы 3,2 трлн теңгемен салыстырғанда 706 млрд теңгеге өсіп, 3,9 трлн теңгені құрады. Үшінші елдермен тауар айналымы 14,3%-ға, оның ішінде экспорт 22,5%-ға, импорт 1,4%-ға, ал ЕАЭО елдерінен импорт 11,5%-ға өсті.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 26,2 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 5,3 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақыға, 4,4 трлн теңге өңірлерді қолдауға, 2 трлн теңге нақты секторды қолдауға бағытталды. 

Мемлекеттік шығындарды бақылауды цифрландыруға ерекше назар аударылуда. Мониторингті күшейту және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне антифрод-бақылау енгізу шараларының арқасында 9 ай ішінде 23,4 млрд теңге қаржылай шығынға жол берілген жоқ. 6 634 мектепті цифрлық қаржыландыру жүйесіне көшіру тағы 34 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі