2021 жыл – жаһандану жылы
2021 жылдың әр санын бір-біріне қоссақ, 5 саны шығады. Ал 5 саны – өзгеріс саны. Бұл – көшпенділер саны. Көбінде жаңалықтар әкелетін сан. Тіпті, жаһандану жылы келе жатыр деуге болады. Өтіп бара жатқан жыл да, келер жыл да металл жылы.Сондықтан әр адам бір кәсіпті игеріп, әрі қарай дамытып, алып кететін жыл келе жатыр. Бір сөзбен айтқанда, 2021 – адам өзін жаңа қырынан танып, білетін жыл. 2021 жылы дүние есігін ашатын нәрестелер ерекше боладыСол сияқты алдағы жылы адамның көбі өзінің қабілетін дамытып, әрі қарай сол бағытта өзін көрсетуі керек. Әр адам талантты. Біреу баланы жақсы оқытады, тағы бір адам қолымен әшекей заттар жасайды, біреу тағамды дәмді пісіреді.
2021 жылы дүние есігін ашатын балалардан қоғамға еңбегі сіңетін қайраткер шығады. Патриоттар да осы балалардың арасынан шығады. Себебі, олар ерекше энергиямен туады. Сиыр – тұрақты баспанасы бар үй жануары Сиыр жылы берекелі жыл болмақ. Бұл жылы ауылшаруашылығын дамытуға көңіл бөлу керек. 2018-2019 жылдары құрылыс салу қарқын алса, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын ілгері жылжытуға күш салу қажет.Биыл – еріктілер жылы деп аталса, келесі жылы соның жалғасын табады. Жаңа дағдарыс орталықтары ашылып, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асады. Көпбалалы аналардың құқығын қорғайтын бағдарлама қабылданып, арнайы жәрдемақылар тағайындалады деп ойлаймын.
Денсаулық бойынша айтсам, аяқ, сүйек, тыныс алу мүшелері әлсіз болады. Яғни, халық денсаулығына күтім жасау керек. Етті көп жеу керек. Ал кейбір адамдар Еуропа елдеріне демалуға барып, көп энергетика алып келеді. Жаңажылдық үстелде көкөніс көп болғаны жөнСебебі, сиыр – молшылықтың символы. Бұл жануар өте төзімді. Сиыр тұрақты орнына келіп, тұра қалатын үй жануары. Бұл жылы көптеген адам баспаналы болады. Үкімет тарапынан айтулы көмек көптеп жасалуы мүмкін. Сауын сиыр деп атайтыны сияқты, 2021 жыл табысты болмақ. Дағдарыс болады деп ойламаймын.