"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өзге елдердің мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтауда - Қазақстан жаңалықтары

Өзге елдердің мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтауда - Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚРПрезиденті лауазымына тағайындалғанына орай көптегеген құттықтаулар келіп жатыр, деп жазады Stan.kz

Солардың бірі АҚШ президенті. Бүгін Дональд Трамп да Тоқаевты президент болуымен құттықтады. Ол ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен жұмысын жоғары бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевпен де жемісті қарым-қатынас күтіп отырғанын атап өтті.

«Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарда үлкен табыстарға қол жеткіздік және олардың дамып жатқанына қуаныштымын. Америка халқы мен бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын іздестіруді қалай жалғастырып жатқанын құлшына бақылаудамын», - делінген АҚШ президенті жіберген құттықтау жеделхатында.

Бельгия королі Филип те Қазақстан Президентін құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымда одан әрі жақсы қызмет ететініне тілектес екенін білдірді.

Ал Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің әріптес екенін және ынтымақтастықтың көп түрлі байланыстардың берік іргетасына негізделгенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты Италия Республикасының президенті Серджо Маттарелла, Венгрия басшысы Янош Адер, Украина президенті Петр Порошенко да  құттықтады.

Соныменн қатар, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш өз құттықтауында: БҰҰ-ның жүйесіне жақын осындай беделді және аса құрметті адамның жоғары лауазымға тағайындалғандығы қатты қуантып отыр, деп атап өткен болатын.
 


stan.kz
Автор
Арман