«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өзбекстанда бір адамнан коронавирус  табылды

Өзбекстанда бір адамнан коронавирус  табылды

Қазіргі уақытта көрші елде инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қажетті алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз- Sputnik. Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Бұл туралы Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық агенттігі хабарлады.

Франциядан жақында келген азаматтан коронавируске анализ алынған, оның нәтижесі тұрғынның дертке шалдыққанын көрсетті.

"Он бесінші наурызда сағат 6.00-де вирусология институтының зертханасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде Франциядан келген азаматтан коронавирус анықталды", - делінген хабарламада.

Қазір Өзбекстан билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті алдын алу шараларын жүргізіп жатыр, дейді агенттіктегілер.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Әлемде 152 елде 156 494 коронавирус жағдайы тіркелген, оның ішінде ҚХР-да 80 884 жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), 3 199 адам қайтыс болды. 66 911 адам дерттен сауыққан (82,7%). Стационарларда 10 734 науқас қалып отыр.

Әлемнің басқа елдерінде – 75 650 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,2%), оның ішінде 2 623 адам көз жұмған.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан