“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өз үйін жалға беретіндер 2 млн 300 мың теңге грант ала алады

Өз үйін жалға беретіндер 2 млн 300 мың теңге грант ала алады

Өзінің тұрып жатқан үйін туристерге жалға беріп бизнес жасағысы келетін катонқарағайлықтарға 2 млн 300 мың теңге грант беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ауданды тұрақты дамыту қорының атқарушы директоры Серік Жүнісов айтты.
Әсіресе Катонқарағай, Өрел және Берел ауылдарына басымдылық берілген.

Қордың атқарушы директорының сөзінше, бір жылдың ішінде үйлерін туристерге берген 5 адамға грант ұсынылған.

"Ол ақшаға су, дәретхана сияқты демалушыларға комфорт тудыратын дүниелерді тартуы керек. Туристер саны жыл өткен сайын көбейіп, ауылдағы тұрғындар саны азайып барады. Қалаға көшіп кете бермей, ауыл-туризмі бағытын көтеруіміз керек. Жүргізілген зерттеулерге жүгінетін болсақ. Алдағы 5 жылдың ішінде Катонқарағай ауданының картасынан тағы 13 ауыл жоғалайын деп тұр", — дейді Серік Жүнісов.

Тағы бір ескеретін жайт — грант алғысы келетін адам сол ауылдың жергілікті тұрғыны болуы керек. Сырттан келіп туризммен айналысам дегендерге аталған көмек көрсетілмейді.

Автор
Нұрсұлтан