«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өз қызын 20 жыл қамауда ұстаған әйел тұтқындалды

Өз қызын 20 жыл қамауда ұстаған әйел тұтқындалды
Бразилияда егде жастағы әйел 39 жастағы қызын 20 жылға жуық қамауда ұстады деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Байшада-Мараньенси аймағындағы Виана қаласында болды. Полиция басшысы Карлос Альберто Брага Диниз Нетоның айтуынша, аштық пен шөлдеуден зардап шеккен жәбірленушіні аяқ-қолдары байланған күйде жазалау бөлмесінен тапқан. Үйде болған анасында мастық белгілері анық байқалған.

Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жәбірленушіні емдеуге жіберді. Полицейлердің пайымдауынша, анасын жас кезінде екі баласынан айырылған, содан кейін психологиялық ауытқу пайда болып, осының әсерінен қызын қамап тастаған.

Қазіргі таңда бразилиялық әйелдің анасы мен оның серіктесі ұсталды. Полицейлер қылмыстың басқа да сыбайластарын анықтауды және іздеуді жалғастыруда, өйткені, жағдайдан барлық жергілікті тұрғындар хабардар болғаны анықталды.

Автор
Еркебұлан