KZNews.kz
Жаңалықтар

"Өз-өзіммен ұзақ күрестім": Әнші Айдана Меденова хиджабын шешті ме? (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

"КешYou" тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова Instagram желісіндегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әнші stories арқылы соңғы уақытта қабылдаған шешімі өзіне өте ауыр тигенін жасырмады.

"Бұл – менің соңғы кездері жасаған ең қиын қадамым. Бірақ оның дұрыс екенін сезіп тұрмын. Өзіммен ұзақ күрестім. Бүгін өзіме шынайы болуды таңдадым. Біреу қолдар, біреу сынауы мүмкін. Құқық – өздеріңізде", – деп жазды Айдана Меденова.

Осы жазбадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары әншінің «хиджабын шешкен болуы мүмкін» деген болжам айта бастады. Алайда әнші бұл туралы нақты ештеңе айтқан жоқ және 18 сағат бұрынғы жазбасынан кейін қосымша мәлімдеме жарияламаған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары