Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" атағының иегері Мұхтар Шахановтың жаназасы Түркістан облысында өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақынның мәйіті туған жері – Отырар ауданындағы қара шаңырағынан соңғы сапарға шығарылды.
Қаралы рәсімге тек оңтүстік өңірдің тұрғындары ғана емес, еліміздің әр аймағынан келген зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қалың жұртшылық жиналып, ақынмен қоштасты.