Сондай-ақ Трамп Қазақстанға ресми сапар жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Ол Тоқаевпен жақсы қарым-қатынаста екенін атап өтті.
Бұл мәлімдеме бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кең талқыланып, сарапшылар оны Вашингтон мен Астана арасындағы байланыстардың нығая түсуінің белгісі ретінде бағалап отыр.
Сарапшылардың пікірінше, егер АҚШ Президентінің Қазақстанға сапары жүзеге асса, бұл екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарып, энергетика, инвестиция және аймақтық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік бермек.