Главная »
2016 »
Ноябрь »
30 » Отбасы және балабақша балабақшадағы тәрбие сағаты
17:07 Отбасы және балабақша балабақшадағы тәрбие сағаты |
|
Отбасы және балабақша
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы «Бердібек Соқпақбаев атындағы шағын орталық тәрбиешісі Жапбасова Гулмира Ошановна
Отбасы және балабақша
Бүгінгі таңда ата-анамен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Отбасы адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы балабақша екендігі белгілі. Мұнда ол білім алады, өзге балалармен , ересектермен бірлесіп әрекеттену, өз әрекетін ұйымдастыру іскерліктерін меңгереді. Біздің «Балдырған» шағын орталығында ата-аналармен байқаулар,ашық есік күндері, «Сіз қандай ата-анасыз?» «Өз балаңыз туралы не айтасыз?» атты сауалнамалар жүргізіліп отырады. «Тәй-тәй» балама технологиясын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргіземіз. Ондағы мақсатымыз оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, отбасын қатыстыру. Ата-аналарды қатыстыра отырып «Ертегілер елінде», «Әжемнің үйіне қонаққа барамыз», атты ашық сабақтар, «Ана біздің гүліміз» атты бірлескен ертеңгіліктер өткізілді. Ата-аналар балабақшаның баланы мектепке даярлаудағы маңызды сәттердегі рөлін жоғары бағалайды.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|
|
Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты |
Просмотров: 1284 |
Добавил: oldtraford7
| Теги: тәрбие сағаты, балабақша
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]