"Ойын" алаңына айналған Ормуз: бұғаздың қайта жабылуы қаншалықты қауіпті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Отансүйгіштік қайда": Асаубаеваның Президентке үндеуі сынға ілікті

"Отансүйгіштік қайда": Асаубаеваның Президентке үндеуі сынға ілікті
Фотоиллюстрация: kznews.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Президентке үндеуі желдіе тағы сынға ілікті, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогер Абзал Ибрашев Бибісара Асаубаеваның шағымы орынсыз деп есептейді.

"Өз заманында ол Үкіметтен 370 миллион теңге қолдау алған. Кейін шешесі қызымен Мәскеуге көшіп кетті. Енді қайта Қазақстанға қайта көшіп келгісі келетінін айтады. Қазақстан оларға келіп, кетіп жүре беретін ел ме. Отансүйгіштік деген қайда. Енді келіп қолдау көрсету туралы айтады. Қаншама ақша алып отырып, маған аз төлейді дейді. Недеген тойымсыздық. Мен де ақпарат майданында жүрсем де, министрліктерден бір тиын алып көргем жоқ. Сұрауыма болады. Бірақ, мен үшін елімнің мүддесі жоғары тұрады. Сондықтан ойланған дұрыс", - дейді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін шахматшы Бибісара Асаубаеваның Президентке үндеуінен кейін Туризм және спорт министрлігі оның жалақысы неге қысқарғанын түсіндірген болатын.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі