Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Индира кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол марқұммен бірге түскен видеосын бөлісіп, бұл суық хабардың жүрегіне ауыр тигенін айтты. Индираның сөзінше, Сәуле Базархан отадан кейін есін жимаған.
"Осылай әпкеммен ойнап жүруші едім. Естігенде жүрегім қатты ауырды. Бір сағаттық операцияға кіріп, наркоздан тұрмай қалған. Жақындарыңызды әрдайым қадірлеп, жақсы сөз айтып, көзі тірісінде бағалайық", – деп жазды ол.
Сондай-ақ Индира марқұмды әрдайым күлімдеп жүретін, жүрегі кең, мейірімді жан ретінде еске алды.
"Жүрегі кең, үнемі күліп жүретін сұлу әпкем. Жатқан жеріңіз жайлы болсын", – деді ол.