KZNEWS.KZ
Қоғам

Өскемендегі жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны белгілі болды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Өскемен қаласындағы «Казцинк» кәсіпорны аумағында болған жарылыс пен өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Компанияның мәліметінше, түтінсорғышты тазалау жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша өрт шығып, құрылымдардың бір бөлігі опырылған.

Алдын ала деректер бойынша, оқиға салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бес адам жарақат алған. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Кәсіпорын қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге материалдық әрі психологиялық қолдау көрсетілетінін хабарлады.

Сонымен қатар қоршаған ортаға тигізген әсері де бағалануда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ауаға шаңның жергілікті деңгейде таралуы тіркелген, алайда ол рұқсат етілген нормадан аспаған.

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай болған жерден түсірілген болуы мүмкін видеолар таралуда.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →