Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды: вице-министр болжамын айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскемендегі жойқын жарылыстан ғимарат опырылып құлады

Өскемендегі жойқын жарылыстан ғимарат опырылып құлады

Өскемендегі өндіріс орындарының бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соңы өрт пен ғимараттың бір бөлігінің опырылуына әкелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат кәсіпорындағы шаң сүзу цехында тіркелген. Алдын ала деректер бойынша, жабдық ішінде жиналған газ бен ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болған.

Жарылыстан кейін өрт шығып, нысанның бір бөлігі құлаған. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел қызмет мамандары жұмыс істеуде.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан жарылыстың күшті болғанын байқауға болады. Қазіргі уақытта ТЖМ жедел штаб құрып, аумақты толық тексеріп жатыр. Мамандар зардап шеккендер бар-жоғын анықтауда.

Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.