БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Осинов асуындағы жап-жаңа асфальттың қайта сүрілуі жұрттың наразылығын тудырды

Осинов асуындағы жап-жаңа асфальттың қайта сүрілуі жұрттың наразылығын тудырды
Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы айналма жолға төселген асфальттың қайта сүріліп жатқаны әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Желі қолданушылары жаңа жолдың бірнеше жыл жабық тұрғанын, ал асфальттың айтарлықтай бүлінбегенін айтып, жөндеу жұмыстарының себебіне күмән келтіріп жатыр.

– Осинов асуындағы жаңа жолға асфальт төселгеніне он шақты жыл болды. Ұзақ уақыт бойы жол жабық жатты. Енді келіп асфальтты қайта сүріп тастаған. Оның не қажеті болды? Асфальтта айтарлықтай мәселе байқалмайды, – деп жазды куәгерлердің бірі.

Сонымен қатар тұрғындар көпір маңында құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатқанын, аумаққа шлагбаум мен бақылау бекеті орнатылғанын да атап өтті.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жол бойында арнайы техника жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Алайда әзірге жауапты мекемелер аталған жұмыстардың нақты себебі туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.