KZNEWS.KZ
Қоғам

Орынбасары сотталған ШҚО әкімі отставкаға өтініш берген

• Айжан Сыланова
Фото: gov.kz

Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қызметінен босату туралы өтініш берген. Бұл туралы ол облыстық мәслихат депутаттарымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әкімнің айтуынша, бұрын өзінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омарға қатысты сот шешімі шыққан соң, ол саяси жауапкершілік қағидатын басшылыққа алып, қызметтен кету жөнінде өтініш жазған. Алайда Президент Әкімшілігі өтінішті қарастырып, оны лауазымында қалдыру туралы шешім қабылдаған.

Нұрымбет Сақтағанов бұл жағдайдан кейін өңірдегі жұмысқа деген жауапкершілік күшейгенін атап өтіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттерді орындауды жалғастырып жатқанын жеткізді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →