65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді
Фото: ашық дереккөз

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бастаған үкімет жаңадан сайланған парламенттің жұмысы басталуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды kznews.kz.

Пашинян бұл рәсім Армения Конституциясының 158-бабында қарастырылғанын айтты. Ол үкіметтің отставкасы туралы тиісті құжатқа қол қойып, оны президент Ваагн Хачатурянға жолдаған. Енді мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отставкасын қабылдауға тиіс.

Жаңа үкімет жасақталғанға дейін қазіргі министрлер кабинеті өз міндеттерін атқара береді. Сонымен қатар Пашинян парламенттегі көпшілік бүгін президентке премьер-министр қызметіне кандидат ұсынатынын мәлімдеді. Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламенттің көпшілігі ұсынған кандидатты кідіріссіз премьер-министр етіп тағайындауы керек.

Еске салайық, бұған дейін Никол Пашинян 2 тамызда жаңа шақырылымдағы парламенттің жұмысы басталуына байланысты Армения үкіметі отставкаға кететінін алдын ала хабарлаған еді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.