Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында болған жан түршігерлік оқиғаға байланысты жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.
"Орны толмас қасірет, қыршындай қиылған тағдырлар, қандай суық хабар жетті, туғандарына қайғырып көңіл айтамыз, Алла панасына алып, жұмақта бірге болсын, имандары саламат болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Алғабас ауылында екі қабатты жеке үй өртеніп, 12 адам, соның ішінде бала-шаға қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, үйдегі терезелерге қойылған темір торлар тұрғындардың сыртқа шығуына кедергі болған.
Өрт таңғы уақытта басталған. Куәгерлер адамдардың көмек шақырған айқайын естіген, алайда терезе темірін бұзу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер жеткенде, ғимараттың төбесі опырылып түскен.