KZNEWS.KZ
Қоғам

Orda.kz редакциясы ертеңнен бастап жұмысын тоқтататынын мәлімдеді

Фото: ашық дереккөздерден

Orda.kz редакциясы 2026 жылғы 1-қыркүйектен бастап жұмысын толық тоқтататынын хабарлады.

Редакцияның мәлімдеуінше, бұл шешім ақпараттық ресурстың өзіне ғана емес, редакцияға қатысты барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарға, оның ішінде YouTube арнасына да қатысты.

Жобаны жабу туралы шешімді "Ordamedia.kz" ЖШС-ның құрылтайшысы әрі алғашқы басшысы Мақсат Ғаниев қабылдаған.

Редакция жабылудың басқа астары жоқ екенін атап өтті. Негізгі себеп медиаресурстың өзін қамтамасыз етуге түсетін табыстың жеткіліксіздігі болып отырған көрінеді.

- Редакция табатын ақша оны қамтамасыз етуге жетпейді. Қазіргі жағдайға алып келген басқа себеп жоқ, - делінген мәлімдемеде.

Редакция өз міндеттемелерін толық орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Orda.kz ұжымы қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін ақпаратты тек редакцияның ресми мәлімдемелеріне сүйеніп таратуға шақырды.

Мәлімдемеге Orda.kz бас редакторы Анна Платонова қол қойған.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →