Танымал айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Нұрсұлтан Досбосынов Instagram желісіндегі ресми парақшасында рэп саласында бағын сынап көруге бел байлағанын айтты. Ол әке-шешесін өте қатты сағынғанын айтып, солардың көзін көрген аға-әпкелеріне амандық тіледі.
"Мен – Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелекқызының ұлы, Нұрсұлтан Доспосынов. Қазір NRS деген атпен рэп саласында өзімді көрсетіп, тыңдармандарымды қуантуға тырысамын. Сонымен қатар, блог жүргізуді қатар алып жүріп, өз өмірімдегі сәттермен сіздермен бөлісіп отыруға ниеттімін. Қолдау білдіріп, бірге болайық", – деді Нұрсұлтан Досбосынов.