Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда коронавирус жұқтырған қызметкер барлық мекемелерді аралап шыққан - Қазақстан жаңалықтары

Оралда коронавирус жұқтырған қызметкер барлық мекемелерді аралап шыққан - Қазақстан жаңалықтары

Оралдағы балабақшаларға коронавирус тексерушілерден келуі мүмкін. Өңірдің бас санитар дәрігері жақында мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық жағдайын бақылаған білім бөлімінің бір қызметкері COVID-19 вирусын тасымалдаушы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Бізде балабақшалар мен кезекші топтарды қадағалайтын мобильді топ бар. Сол топтағы білім беру бөлімінің бір қызметкерінен қауіпті дерт анықталды. Ол науқастанып жүріп, қаладағы барлық мекемелерді аралап шыққан", - деді БҚО бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

Карантиндік шектеулерден кейін көптен күткен балабақшалар ашылған. Санитар дәрігер 15 баладан тұратын кезекші топ ашуға рұқсат етіпті. Соның өзінде қызметкерлерге сақтық шараларын күшейтуге талап қойған. Сол шараларды пысықтау үшін тіпті арнайы мобильдік топ балабақшаларды аралап шығады. Үш күн өтпей, мектепке дейінгі мекемелерді қайта жабуға тура келіпті. Себебі, балабақшаның екі қызметкерінен вирус анықталған. Енді Орал қаласындағы барлық балабақша қызметкерлері арнайы тест тапсырмайынша, мекеме ашылмайды.


stan.kz
Автор
Еркебұлан