KZNEWS.KZ
Аймақ

Оралда арнайы жасақ сарбаздары 27 жастағы қызды ұстады

• Жарқын Омаров
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, Орал тұрғынын ұстаған.

Жеке тінту кезінде одан iPhone 15 Pro Max телефоны тәркіленген. Әйелдің сөмкесінен ішінде сары түсті ұнтақ тәрізді зат бар 25 зип-пакет табылған. Сонымен қатар шалбарының қалтасынан тағы екі түйіншек шыққан. Олардың әрқайсысында бес пакеттен болған.

Полиция қызметкерлері қала көшелеріндегі есірткі жасырылған болуы мүмкін орындарды тексеру барысында қосымша түйіншектерді анықтаған. Ал күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған пластик ыдыс, бес электронды таразы, зип-пакеттер, респиратор, резеңке қолғап, кеңсе пышағы мен оқшаулағыш таспа тәркіленген.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттың синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталған. Жалпы салмағы 442 грамм болған. Бұл мыңнан астам бір реттік дозаға тең.

Тергеу барысында күдіктінің 2026 жылдың сәуірінен бері есірткіні сақтап, тарату үшін өлшеп, бөліп дайындаумен айналысқаны анықталған. Ол есірткі сатушылар арасында «складмен» деп аталатын қызметті атқарған.

Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →