"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды

Оралда анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды

Оралда Asia Mall жергілікті сауда орталығында анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биіктен құлағаннан кейін нәресте қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Бала өте ауыр жағдайда жатқаны айтылды. Ол жабық ми жарақатын алған. Медициналық мекемеде қызға қан құйылды.

"19 наурызда бала есін жимастан қайтыс болды", - деді Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Жазатайым оқиға 13 наурызда түстен кейін болған еді. Эскалатормен жоғарыға көтеріп келе жатқан 35 жастағы әйел баласын ұстай алмай, 4-5 метр биіктен құлатып алған болатын. Оқиға видеосы Желіде жарияланды.

Автор
Еркебұлан