Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды. Тоқаев заңға қол қойды

Оқушылар сабақта телефон ұстай алмайды. Тоқаев заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды.

«Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде ұялы телефон пайдалануды шектеуді ұсынатын заң жобасын қарастырған еді. 1 ақпанда заңды сенат депуттары мақұлдады.

Оқу-ағарту министрінің орынбасары Наталья Жұмаділдаева шектеу тек оқу процесі кезінде ғана қолданылатын түсіндірді.

«Біз балаға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу туралы айтып отырған жоқпыз. Көптеген ата-ана қажет кезінде баласымен байланыса алмай қаламыз деп ойлайды. Шын мәнісінде шектеу тек сабақ барысында ғана қолданылады»,—деді ол.

фото: Ақорда
Автор
Нұрсұлтан