"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оқу жылын аяқтай алмадым: танымал директор шұғыл ауруханаға түсіп қалды

Оқу жылын аяқтай алмадым: танымал директор шұғыл ауруханаға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр

Мектеп директоры әрі желіде танымал ұстаз Ақмоншақ Нұртаза денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін айтты. Ол оқу жылының соңына жете алмай қалғанын Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Оқу жылының соңына жете алмай, ауырып қалыппын. Бірақ шүкір, керемет дәрігерлердің қолына түстім. Сіздердің ақ тілектеріңіз бен дұғаларыңыздың арқасында тезірек сауығып кетемін деп сенемін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол соңғы үш жылда өзін кейінге ысырып, денсаулығына көңіл бөлуге уақыт таппағанын мойындады.

«Директор болғаныма 3 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өзімді кейінге ысырып, дәрігерге қаралуға уақыт таппадым. Үнемі жұмысты, уақытты сылтау еттім… Бірақ денсаулық күтпейді екен. Сондықтан, өздеріңізді күтіңіздерші. Ең алдымен адам өзіне керек. Содан кейін жанұясына, жақындарына, айналасындағы жандарға керек», – деді мектеп директоры.

Ақмоншақ Нұртаза медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, наркозбен жасалған зерттеуден кейін жағдайының жақсы екенін жеткізді.

«Денсаулық — бәрінен қымбат. Ауырмаңыздар. Ал дәрігерлерге ерекше респект. Біз ұстаздар жұмысымызды кейде қиын санап жатамыз, бірақ дәрігерлердің еңбегіне бас иемін. Аман болыңыздар, ақ халатты абзал жандар», – деп жазды ол.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.