Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Оның дәуірі өткен”: Мәжілісте Дариға Назарбаеваның саясатқа келуі ашық айтылды

“Оның дәуірі өткен”: Мәжілісте Дариға Назарбаеваның саясатқа келуі ашық айтылды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда вице-президент институтын қайта енгізу туралы бастама қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста, әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваның саясатқа оралуы мүмкін деген болжамдар пайда болды, деп хабарлайды kznews.kzБұл туралы Dalanews.kz жазды. 

Мәжіліс кулуарында журналистер осы тақырыпқа байланысты депутат Абзал Құспаннан пікір сұрады. Депутат әлеуметтік желідегі түрлі болжамдарға түсініктеме беріп, нақты кандидаттар жөнінде өзінде ешқандай ақпарат жоғын айтты.

«Әлеуметтік желіде әртүрлі пікір айтылады. Бұл — сөз бостандығы мен пікір алуандығының көрінісі. Бірақ олардың бәріне пікір беріп, бірін растап, бірін жоққа шығару мүмкін емес. Шынымды айтсам, менде нақты үміткерге қатысты мәлімет жоқ. Дәл сол аталған адамды лайықты кандидат деп ойламаймын», — деді ол.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева 2022 жылғы 25 ақпанда Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан болатын. Содан бері ол саяси сахнадан көрінбей кеткен. Алайда елде вице-президент қызметі қайта енгізіледі деген жаңалықтан кейін оның есімі қайтадан қоғамдық талқыға түсті. Бұл мәселеге қатысты депутат Айдос Сарым да пікір білдірді. Ол Дариға Назарбаеваны «сүйкімсіз саясаткер» деп атап, «оның дәуірі әлдеқашан өтіп кеткенін» айтты. 20 мамыр күні Парламент «Президент туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда вице-президент институты енгізіліп, оның құқықтық мәртебесі айқындалады. Жаңа норма бойынша, вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасымен Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара жұмыс жүргізеді. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.