100 = 70 - 30: қоғамдық пікір саяси шешімдерге қаншалықты ықпал етеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаеваның Лондондағы зәулім үйі туралы тың дерек шықты

Дариға Назарбаеваның Лондондағы зәулім үйі туралы тың дерек шықты
Ulysmedia.kz / ЖИ

Желіде Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен байланыстырылатын Лондондағы сәнді зәулім үйдің суреттері пайда болды. Бұл үй бірнеше жылдан бері сатылымға қойылғанымен, әзірге сатып алушы табылмаған, деп kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй Лондонның беделді аудандарының біріндегі Денвуд-роуд көшесінде, Highgate гольф-клубының маңында орналасқан. Бұл жылжымайтын мүлік алғаш рет 2022 жылдың наурызында, Қазақстандағы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай сатылымға шығарылған. Ол кезде зәулім үйдің бағасы 11,8 млн доллар деп көрсетілген. Қазір бағасы 10,5 млн долларға дейін төмендетілген.

Үйдің жалпы аумағы шамамен 765 шаршы метр. Ішінде жеті жатын бөлме, алты жуынатын бөлме, бірнеше қонақ бөлме, бассейн, бильярд бөлмесі және қысқы бақ бар.

Суреттер жарияланғаннан кейін желі қолданушыларының назарын тек сәнді интерьер ғана емес, қазақы нақыштағы бөлшектер де аударған. Фотолардан қымбат жиһаздардың арасында қазақы кілемдер мен көрпешелерді көруге болады. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Бұл зәулім үйдің түпкі иесі Дариға Назарбаева деп саналатыны 2020 жылы белгілі болған. Сол кезде Ұлыбританияның Ұлттық қылмысқа қарсы агенттігі аталған үйді және тағы екі жылжымайтын мүлік нысанын бұғаттауға тырысып, оларды сатып алуға жұмсалған қаржының шығу тегін түсіндіруді талап еткен.

Алайда кейін Лондон соты мүлікке салынған бұғатты алып тастады. Назарбаеваның өкілдері жылжымайтын мүлік заңды табысқа, соның ішінде "Қант" қант компаниясының акцияларын сатудан түскен қаражатқа сатып алынғанын мәлімдеген. Сот мүлікті әрі қарай бұғаттап ұстауға дәлел жеткіліксіз деп тапқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер