Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген қазақстандықтардың соты мамыр айында болады

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген қазақстандықтардың соты мамыр айында болады

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірді деп күдікке ілінген Қазақстанның екі азаматының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Кореядағы біздің азаматтармен елміздің консулы кездесті. Уақытша тергеу изоляторында ұстау бойынша олардың шағымдары жоқ. Ұсталған адамдардың туыстарымен тұрақты байланыстамыз. Прокуратура істі сотқа жолдады. Соттың алғашқы отырысы мамыр айының ортасында өтуі мүмкін», - деді А. Смадияров елордадағы баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл азаматтардың ісі бойынша мемлекеттік адвокат жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, наурыздың соңында екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз аяқ басқан.

Автор
Еркебұлан