Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оңтүстік Кореяда коронавирустан емделгендерден COVID-19 қайта анықталып жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Оңтүстік Кореяда коронавирустан емделгендерден COVID-19 қайта анықталып жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Оңтүстік Корея билігі коронавирустан емделген науқастардан ауру қайта анықталғандығын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме беріп Stan.kz хабарлайды.

Вирус COVID-19-бен ауырған 91 науқаста анықталған. Бұл тенденцияның нақты себебі әлі нақтыланбаған екендігі атап өтілді. Бұл науқастардың вирусты қайта жұқтыруы емес, вирустың қайта жандануымен байланысты болуы мүмкін деген пікірді Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының жетекшісі Чон Ен Кён ұсынды.

"Науқастарда коронавирустың қайта пайда болуы саны арта түседі", - дейді Корей университетінің Гуро ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры Ким Ву Джу. Ол сондай-ақ мұндай жағдай  аурудың қайталануы болуы мүмкін деп болжады. Басқа сарапшылар тесттің оң нәтиже көрсетуі нәтижелердің қате екендігін немесе вирустың науқас денесінде қалып қалуы мүмкін екендігін көрсетеді, бірақ адамға және басқаларға қауіп төндірмеуі керек деп санайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда коронавирустың шамамен 10,4 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде 208 адам көз жұмса, тағы 7,1 мыңы емделіп шыққан. Ал әлем бойынша 1,6 миллионнан астам адам инфекция жұқтырған.
 


stan.kz
Автор
Әлихан