Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы, қызметінен шеттетілген экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хи 7 жылға сотталды, деп хабарлайды kznews.kz Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімді 26 маусым күні Сеулдің Орталық аудандық соты шығарды. Ким Кон Хи кәсіпкерлер мен саяси қолдау іздеген адамдардан қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бұған дейін прокурор оған жеті жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
Судья Чо Сун Пёның айтуынша, президенттің жұбайы барынша ұстамды әрі сақ болуы тиіс. Алайда Ким Гон Хи бұл әлеуметтік жауапкершілікті елемей, билігін асыра пайдаланып, бірнеше рет бағалы сыйлықтар қабылдаған. Одан енді сыйлықтар тәркіленетін болды. Олардың қатарында:
Van Cleef & Arpels брендінің гауһар тасты алқасы;
Tiffany брошы;
Dior сөмкесі;
тасбақа мүсіншесіне арналған қорап;
корей суретшісі Ли Уфанның картинасы бар.
Ким Гон Хи сыйлықтарды алғанын мойындады. Алайда сыйлықтардың қандай да бір мақсатпен берілгенін жоққа шығарды. Десе де оны сот 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Жалпы, Юн Сок Ёль сегіз сот процесіне айыпталушы ретінде қатысып жатыр, соның төртеуі әскери жағдай енгізумен байланысты. Ал басқа бір іс бойынша – 2025 жылғы қаңтарда президент күзеті қызметі мен құқық қорғау органдарының қақтығысы салдарынан қамауға алуға кедергі келтіру дерегі бойынша – ол биылғы қаңтарда 5 жылға сотталған еді. Ал биыл ақпан айында ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы қымбат сыйлықтар алғаны үшін түрмеге қамалғаны хабарланған еді.