Кино басталды: Джеки Чан "Құдай сауытын" қайта киді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Yonhap

Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльге қатысты үкімді күшінде қалдырды. Сот оның сот төрелігіне кедергі келтіру ісі бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті бекітті, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот төменгі инстанциялар шығарған шешімді заңды деп таныды. Бұған сәйкес, бұрынғы президент 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай енгізу әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін оны ұстау туралы ордерді орындауға келген тергеу органдарының жұмысына кедергі келтірген.

Бұл – Юн Сок Ёльге қатысты іс бойынша Жоғарғы соттың алғашқы шешімі. Қызметінен шеттетілген бұрынғы президент 2024 жылғы 3 желтоқсанда әскери жағдай жариялауына байланысты сегіз сот процесінің фигуранты болып отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер