Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи апелляциялық сот шешімімен төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұған дейін, қаңтар айында ол 20 айға сотталған болатын, алайда жаңа шешіммен жаза мерзімі ұлғайтылды. Сонымен қатар, оған 50 миллион вон (шамамен 34 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Ким Гон Хи автокөлік дилерлік компаниясының акцияларының бағасын манипуляциялау арқылы 810 миллион вон (шамамен 564 мың доллар) пайда тапқан. Сондай-ақ оған саяси науқандарды қаржыландыру ережелерін бұзды деген айып тағылған.
Айта кетейік, оның жұбайы, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль қаңтар айында тұтқындауға кедергі келтіргені үшін бес жылға сотталған. Қазіргі уақытта экс-президентке қатысты жалпы төрт сот ісі қаралып жатыр.