KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Өнер қырандары" әртісі Жанболат Найзабеков Айнұр Тұрсынбаевадан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Дархан Тоқан
kznews.kz коллажы

Танымал әртіс Жанболат Найзабеков айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға арнап видеоүндеу жариялап, сахнадағы пародиясынан кейін кешірім сұрады. Алайда оның сөзі әзіл мен шындықтың арасындағы ишараға көбірек ұқсайды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Айтуынша, ол «Өнер қырандарының» пародия-концертінде Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасаған. Бірақ сол үзіндінің әлеуметтік желіде кең тарап, «атып кетерін» күтпегенін жеткізді.

"Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елі. Мен осы видео арқылы Айнұр Тұрсынбаевадан кешірім сұрағым келеді. "Өнер қырандарының" пародия-концертінде Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасаған едім. Бірақ сол пародияны "атып кетеді", көп қаралым жинайды деп кім ойлаған? Мен олай болады деп ойламадым. Айнұр ханым, мен сізден кешірім сұраймын. Сізден пародия жасағаным үшін кешірім сұрамаймын. Тек сол айтыста "Балғынбектен" жеңіліп қалдым. Айнұр ханым, сіз ешқашан Балғынбектен жеңілмегенсіз ғой. Бірақ мен өзімнің түпсанама құямын: "ешқашан сізге пародия жасамаймын", - деді актер."

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →