Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Даусын естісем де, өзін көре алмаймын”: Жанболат Найзабеков ең қиын естеліктерімен бөлісті

“Даусын естісем де, өзін көре алмаймын”: Жанболат Найзабеков ең қиын естеліктерімен бөлісті

Актердің айтуынша, бесінші ұлы дүниеге келген кезде анасы немересін көруге арнайы келген. Алайда көру қабілеті нашарлаған анасы сәбиді көре алмай, көңілі босап кеткен. Немересінің дауысын естігенімен, жүзін көре алмағанын айтқан.

Танымал актер Жанболат Найзабеков анасының көру қабілетіне байланысты отбасында болған ауыр сәттерді еске алды. Өнер иесі бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтып, анасының орындалмай қалған арманы туралы да бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жағдай актерге ауыр тиген. Ол жақынына көмектескісі келгенімен, қолынан ештеңе келмегендей күй кешкенін жеткізді.

«Бесінші ұлым дүниеге келген кезде анам үйге келді. Залда отырып: “Немеремнің даусын естимін, бірақ өзін көре алмай отырмын. Түк көрмеймін” деді. Сол сәтте қатты қиналдым. Бірдеңе жасағым келеді, бірақ қолымнан ештеңе келмейтіндей сезіндім. Бұл да бір сынақ», – деді Жанболат Найзабеков.

Өнер иесі анасының көзіне қатысты әкесінің сөздерін де еске алды. Оның айтуынша, әкесі көз дәрігері болғанымен, жарының көру қабілетінің нашарлауына дәрменсіз болған.

Жанболат Найзабеков анасының көптен бері армандаған Дубайға сапары туралы да айтып берді. Анасы жағдайы жақсарған кезде ұлының оны шетелге апаруын қалаған.

«Анам “Балам, байыған кезде Дубайға апаршы” дейтін. Мен “апарамын” деп жауап беретінмін. Қазір апаруға мүмкіндігім бар. Бірақ анам оны көре алмайды. Адамның амалсыз қалуы деген осы шығар», – деді ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.