Имеретияда есірткіні заңсыз сатып алды, сақтады және ірі әрі аса ірі көлемде саудалады деген күдікпен Қазақстан мен Украина азаматы ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Күдіктілер – 2008 жылы туған жігіт пен қыз. Олар әртүрлі уақытта ұсталған.
Тергеу олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатуға қатысы бар екенін анықтады.
Есірткі заттары күдіктілердің уақытша тұрып жатқан жерін тінту кезінде табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тергеу эксперименті барысында күдіктілер метадонды өткізу үшін дайындаған жасырын орындарды көрсетті.
Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260 (4) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.