KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Олжас Абай Дариға Бадықовамен үйленер алдында болған жанжал туралы айтты

• Айжан Сыланова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Актер Олжас Абай актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасының қалай өрбігенін және үйлену тойының алдында екеуінің арасында болған келіспеушілікті еске алды. Өнер иесі бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол сол кезде өткенге өкініп, мұңайып отырудың орнына жаттығуы мен күнделікті тіршілігіне көңіл бөлуді жөн көргенін айтты. Өйткені өмірде материалдық жағдайы, халықтың құрметі мен атақ-абыройы болғанымен, кейде адамның жан дүниесінде бір нәрсе жетіспейтінін сезінген.

«Адам да, ғалам да қызық емес болып қалды. Сол кезде «менің адамым ба?» дегенді түсінген шығармын. Сол кезде сигнал келді. «Қой, онда шешіп, той қылайық» дедім», – деді Олжас Абай.

Осылайша, актердің айтуынша, арадағы келіспеушілік оған Дариғамен бірге болғысы келетінін түсінуге түрткі болған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →