Қарағанды дәмханаларының бірінде жас әйелді пышақпен жарақаттаған 46 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының полиция демартаменті skandal_krg парақшасында жарияланған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"12 сәуір күні сағат 23:50-де Кривогуз көшесінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінде болған жанжалдан кейін белгісіз адам 26 жастағы әйелді пышақпен жарақаттаған", - делінген хабарламада.
Қылмыстық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының арқасында 46 жастағы азамат қолға түсті. Оның үстінен ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ.
stan.kz