Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Олимпиада чемпионы Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігі сыйға берілді

Олимпиада чемпионы Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігі сыйға берілді
Фото:Getty images

2026 жылы Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа су жаңа Audi Q8 автокөлігі сыйға берілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл сыйды InDrive сервисінің негізін қалаушы әрі бас директоры Арсен Томский тарту етті. Ол бұл жаңалықты 13 ақпанда  Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Мен Audi Q8 көлігін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы жаттықтырушысы әрі осы жеңістің бастауында тұрған Станислав Шайдоровқа сыйладым. Михаилдің өнер көрсетуі – Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді тәнті еткен тарихи сәт. Алайда бұл жеңістің артында жылдар бойғы еңбек, тәртіп пен құрбандық жатыр", – деп жазды Арсен Томский.

Сол күні Миланда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров тарихи жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Арсен Томский Шайдоровтың оқиғасы көп адамға шабыт сыйлағанын да атап өтті.

"Станислав Александрович ұлының жолын қолдау үшін өз көлігін сатты. Бұл оқиға менің жүрегіме ерекше жақын. Мен де көлігімді екі рет саттым: бірінде – қиын кезеңде команда жалақысын төлеу үшін, екіншісінде – қаражат тапшылығы кезінде Якутия командасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін.
Шайдоровтар отбасына және бүкіл Қазақстанға жеңісті күндер мен қуаныш тілеймін!" – деді ол.

Бұл сәттен кейін Михаил Шайдоровтың әкесі көз жасына ерік берді.

Станислав Шайдоров – бұрынғы кәсіби мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі Михаилдың алғашқы бапкері. 2018 жылы ол ұлының спорттық мансабын жалғастыруы үшін өз автокөлігін сатып жіберген.

Түскен қаражат Михаилдың Сочиге қоныс аударып, Олимпиада чемпионы Алексей Урманов жетекшілігімен жаттығуын жалғастыруына мүмкіндік берді.

Әкесінің қажырлы еңбегінің арқасында Михаил 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Кейін ересектер арасындағы жарыстарда да табысты өнер көрсетіп, 2026 жылы Олимпиадада топ жарды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.