"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Олег Газманов: "Казахстан наш" дей ме?

Олег Газманов: "Казахстан наш" дей ме?

Мәскеуде Ресейдің әрекетін қолдау мақсатында шеру-концерті өтті. Бірақ Қырым мен Ресейдің қосылғанына 8 жыл деген тақырыпта ұйымдастырылған шарада айтылған “Это моя страна” әні қазақ белсенділерінің алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Солардың бірі Мұрат Әбенов.

"Казахстан наш" дей ме? Мәскеуде Қырымның Ресеймен қосылғанына 8 жыл толуына орай шеру-концерті өтті. Дәл осы шара арқылы үлкен аудиторияға Ресейдің басты мақсатын сіңіру көзделгені көрінеді. Әрине, бұған қарап қазіргі көліктеріне саяси белгі жабыстырғандардың да қайда қарап ой түзейтінін айқын аңғарамыз. Әннің қай кезде, қалай жазылғаны маңызды емес. Маңыздысы дәл қазіргідей екі ел арасындағы шиеленістің ушыққан уақытында қолданылуы ғой. Тіпті осы Газмановтың Ресей жеңісінен кейін Киев төрінде шығармашылық жеке концертін береді деген мемдер де тарап жатыр", — дейді Мұрат Әбенов.

 
Автор
Еркебұлан