Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Оларды кешіруге болмайды»: Мұрат Әбенов жол апатына кінәлілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты

«Оларды кешіруге болмайды»: Мұрат Әбенов жол апатына кінәлілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Фото: ашық дереккөз

Рақымшылық туралы заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігін жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдарға ауыр дене жарақатын келтіру фактілерін ауыр қылмыстар санатына жатқызуға шақырды. Осы орайда ол Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша сот процесін және айыпталушының ұстанымын еске салды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Егер мұндай әрекеттерді ауыр қылмыстар қатарына енгізсек, адамдар ойланар еді. Қазір ол кешірім сұрап, жылап жатыр. Бірақ оларды кешіруге болмайды. Өйткені мұндай адамдардың әрекеті адам өліміне әкелуі мүмкін», – деді Әбенов.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Әділет министрлігі жанындағы сарапшылар жол заңнамасын реформалау жұмыстарын бастап кеткенін айтты. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 345-бабына өзгерістер енгізіліп, азаматтарды ауыр жарақаттаған жол ережесін бұзушылар ауыр қылмыс жасағандар санатына жатқызылуы мүмкін.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.