Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ол заңды жақсы білетін, қарсылық көрсетпеді" - Рыжий Алмазды ұстау операциясына қатысқан полиция полковнигі (ФОТО)

"Ол заңды жақсы білетін, қарсылық көрсетпеді" - Рыжий Алмазды ұстау операциясына қатысқан полиция полковнигі (ФОТО)
youtube

90-шы жылдары ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрескен арнайы жасақ қызметкері Дәулет Темірханов сол кезеңдегі операциялардың қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz Caravan.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ол жылдары Сары Алмаз, Қара Алмаз, Адай тобы, Киса, Атаба секілді қылмыстық топтар аса қауіпті болған. Оларға қарсы Алматы мен өзге қалаларда арнайы басқармалар құрылған. Алайда қылмыстық топтар жылдам шетелдік көлікпен, спутниктік байланыспен жүргенде, полицияның техникасы мен қаруы әлсіздеу болған.

Дәулет Темірханов арнайы жасақ сарбаздарының адалдығын да атап өтті. Оның сөзінше, 1994 жылы Киса лақап атымен танылған Қайрат Мысықбаевты ұстау кезінде күдікті 200 мың теңге ұсынып, босатып жіберуді сұраған. Бірақ жасақ қызметкерлері бұған келіспеген.

Дәулет Темірханов сол жақта. Рыжий Алмаз оң жақта

Сондай-ақ ол Рыжий Алмазды ұстау операциясын да еске алды. Темірхановтың айтуынша, 1994 жылы арнайы жасақ сарбаздары үш топқа бөлініп, оны Алматыдағы үйінде ұстаған. Күдікті қарсылық көрсетпеген. Үйінен құжаттары бар қарулар табылған. Ол заңды жақсы білетін, адамдармен тез тіл табысатын адам болғанын айтты.

Дәулет Темірханов — отставкадағы полиция полковнигі, Қазақстандағы арнайы мақсаттағы бөлімнің негізін қалаушылардың бірі, ІІМ-нің құрметті қызметкері және қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер