Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Өкінемін... Менің бір кездері жасаған қателігім": Маңғыстау әкімі некесіз туған баласы туралы айтты

"Өкінемін... Менің бір кездері жасаған қателігім": Маңғыстау әкімі некесіз туған баласы туралы айтты
ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некеден тыс туған баласына қатысты пікірін білдірді. Айтуынша, ол заң талаптарына сай алимент төлеп отыр, алайда баласымен тұрақты араласпайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әкім әлеуметтік желіде тараған "сот ДНҚ арқылы баласы екенін мәжбүрлеп танытты" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл менің жеке өмірім. Желіде ақпарат "сот ДНҚ арқылы баласы деп тануды міндеттеді" деп тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. "Сот менің өтінішімді қанағаттандырды" деп айтқан дұрыс болады. Себебі 2021 жылы туған баланы ұлым деп тану үшін сотқа өзім жүгіндім. Қазір заңға сәйкес алимент төлеп отырмын", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сөз соңында өңір басшысы бұл жағдайға өкініш білдірді.

"Жалақымның 20%-ы көлемінде төленеді. Оны бухгалтериядан сұрау керек. Осындай жағдай болды. Өкінемін. Менің бір кездері жасаған қателігім. Уақытты кері қайтара алмаймыз", – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер