"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Артында 7 баласы қалды": Маңғыстау облысында күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салып, кісі өліміне күдікті атанды

"Артында 7 баласы қалды": Маңғыстау облысында күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салып, кісі өліміне күдікті атанды
Фото: Ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында 43 жастағы ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы kznews.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Қайғылы хабарды қазақстандық азамат әлеуметтік желісінде жариялаған.

“Оқиға Қызылсай ауылында 29 қаңтар күні кешкі уақытта болған. 43 жастағы ер адам әйелін суық қарумен жарақаттаған. Ерлі-зайыптының ортақ 7 баласы бар. Мұндай қылмыстар жасырын қалмауы және ақталмауы тиіс”, – деп жазды ол. 

Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туған. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер