"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау әкімінен некесіз бала тапқан экс-депутат қоштасу хатын жариялады

Маңғыстау әкімінен некесіз бала тапқан экс-депутат қоштасу хатын жариялады

Жазбасында ол өткен өміріне шолу жасап, жасаған қателіктерін мойындаған

«Қолында барды бағаламай, жанындағы жандарды қадірлемей, өткінші мансапқа алданып, жақындарынан айырылып қалатынын кеш түсінесің. Балаға әке бола алмады, бізге қорған бола алмады. Ақыры өзі де…» – деп жазды Наурызова.

Экс-депутаттың айтуынша, оның ең үлкен қасіреті – баласының әкесіз өсуі. 

«Менің жүрегімде орны толмас жара бар. Себебі балам әкесін көрмей өседі. Әке деген аттан айырылған жанды әрі аяймын, әрі кінәлаймын. Өмірдің ең қымбат сыйын – өз баласын – шеттетіп алды. Енді ол менің өмірімде де, санамда да мәңгі бос орын болып қала береді. Ол орынды ешкім толтыра алмайды», – деді ол.

Сонымен қатар Наурызова «Әке бейнесі – бала үшін әрқашан алыстағы, қол жетпес тұлға болып қала береді» деп қосты.

Жазбасының соңында бұрынғы депутат бар болғаны бір ауыз сөз қалдырды: «Қош».

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.