KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Ойыңызды өзгертіңіз»: Танымал отандық дизайнер Мақпал Жүнісоваға шүйлікті

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Танымал дизайнер Назым Қарпықова Мақпал Жүнісованың Садраддин Болаттың сахналық киіміне қатысты сынына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова да өз пікірін білдіріп, дизайнерлердің жұмысына сын айтқан.

«Осы костюмді тігіп бергендер оңбайды, обал-ай», – деп жазды әнші.

Ал Назым Қарпықова Мақпал Жүнісованы жақсы көретінін айтып, оның пікірін құрметтейтінін жеткізді.

«Мақпал апайды жақсы танимын, жақсы көремін. Ол кісіге де талай көйлек тіктік, әлі талай тігеміз. Ол кісіге не айтса да жарасады. Үлкен кісілердің пікірін қабыл аламын. Сол костюмді алып, Мақпал апайға: “Ойыңызды өзгертіңіз, неге олай жаздыңыз?” деп көрсететін шығармын», – деді дизайнер.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →