Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нығматулин: «Ұлы даланың жеті қыры» – Түркі елдерінің тарихи құжаты

Нығматулин: «Ұлы даланың жеті қыры» – Түркі елдерінің тарихи құжаты
22 Қараша 2018, 10:13 220 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин сәрсенбі күні жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы пікір білдірді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Онда Елбасымыз тамыры терең тарихымызға қазіргі ғылымның асқар биігінен қарауды ұсынды. Кең байтақ қазақ жері бір ғана ұлттың емес, әлемге тараған халықтардың, соның ішінде түбірі бір түркі елінің алтын бесігі екенін айтты. Ерекше айта кететін жағдай, кеше мақала шыққан күні Түркі елдері парламенттік ассамблеясының 10 жылдық мерейтойында қызу талқыланды», - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикері осы шараға қатысқан бауырлас елдердің депутаттары, ғалымдар, сарапшылар өз сөздерінде ең алдымен Елбасының мақаласына назар аударғанын айтты.

«Онда айтылған ұсыныстар бабаларымыздан келе жатқан ұлттық мұраларымызды терең тануға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер беретінін ерекше атап өтті. Сондықтан «Ұлы даланың жеті қыры» тек Қазақстанға ғана емес, бауырлас түркі елдерінде ұрпақтарға жалғасын табатын тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жариялады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Әлихан