“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұржан Әлтаев: Мен 500 мың жалақы алдым, ал ауылда 60-80 мың алады, бұл - әділетсіздік

Нұржан Әлтаев: Мен 500 мың жалақы алдым, ал ауылда 60-80 мың алады, бұл - әділетсіздік

Экс-депутаттың айтуынша, қарапайым қазақстандықтар мен депутаттардың жалақысы арасында айтарлықтай алшақтық бар


Қоғам қайраткері, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Қазақстанның қарапайым азаматтары мен парламентшілердің жалақысы арасындағы алшақтық туралы айтты.

"Депутаттар әртүрлі жалақы алады. Көптеген критерий, жұмыс өтілі ескеріледі. Менің жалақым барлық шегерімдерді алып тастағанда 500 мың теңге болды. Өңірлердегі азаматтардың табысы 60-80 мың теңгеден аспайтынын ескерсек, мұндай алшақтықты әділетсіз деп санаймын", - деп хабарлады ол.

Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев парламент депутаттарына жалға берілетін пәтерден кетіп қалғанын айтты.

Әлтаев Nur Otan партиясынан шығарылды


27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

30 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен Нұржан Әлтаевты депутаттық мандаттан айырды. Кейін депутатты партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Nur Otan партиясынан шығарғаны белгілі болды.

Автор
Еркебұлан